Мен, Шыңғалиева Ұлболсын Еркінқала орта мектебінің 7-нші сынып оқушысымын. Мен және сыныптасым Жауылбай Қаршыға екеуіміздің алып отырған жобамыз "Бәріміз шахматшы болайық". Бұл жобаның негізгі мақсаты: Бүгінгі таңда қазақ тілінде шахмат үйрену сабақтарына арналған интернет сайттар аз, тіпті жоқтың қасы деп те айтуға болады. Сондықтан біз қазақша видое роликтер түсіріп, аз да болса үлесмізді қосқымыз келді. Екінішден, Еркінқала село балаларының логикалық және креативті ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал етеміз.
Үшіншіден село балаларының жазғы демалыста бос уақытын тиімді, әрі пайдалы өтуіне жағдай жасаймыз. біз алға қойған мақсатымызды жүзеге асыру үшін жоспар құрдық. Ең алдымен Ерікінқала орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларын жинадық. Шахмат үірмесіне қатысуға ниет білдірген балалардың барлығы дерлік 3 "а" сыныбынан болды. содан соң мектеп директоры Нұрышев Ескендір ағайдан кабинет алу жөнінде рұқсатын сұрадық және графигімізді көрсеттік. Директор шахмат үйірмесін асханада өткізуге рұқсатын берді. Графикте көрсетілгендей үйірме 3-інші және 6-ыншы күндері болатын болды. сөйтіп, бұл жобамызды маусым айының 1-інші жұлдызынан бастап іске асыруға кірістік.
Біріншіден оқушыларға шахмат ойнаған кезде қандай ережелерді сақтау керектігін айттық. содан соң әр фигураның маңыздылығын олардың шахмат тақтасында орналасуын, жүріс жолдарын түсіндірдік. үйірме барысында ракировка жасауды, шабуылға қалай шығу керектігін, шабуылға шыға отырып қалай қорғану керектігін үйреттік. алдағы уақытта вилкіге түсіруді, әр түрлі жолдармен мат қоюды үйретуді жоспарлап қойдық.
сонымен қатар біз сайт құрдық. біздің сайтымыздың аты kazahshahmat.ucoz.ru біз сайтқа үйірмедегі, пресс конференцияда түскен фото суреттерді салдық. бүгінгі күнге дейін түсірген видео роликтерімізді де салдық. міне, бүгін Ғ.Сланов атындағы әмбебап кітапханасына келіп, сайтымызыд толықтырып, жаңартып жатырмыз. алдағы уақытта жобамызды одан әрі қарай дамытып, жалғастыруға уәде береміз.
Бүгін, 30-ыншы маусымда шахмат үйірмесінің турнирін жүргіздік. турнир өте қызық өтті. балалар соңына дейін берілместен, ұзақ уақыт бойына ойынды жалғастыра берді. Турнирға 8 оқушы қатысты. Бірнеше рет "пат" жағдайы болып, бірнеше рет ұпай саны теңескен қатысушылар қайтадан ойынын жалғастырып оырды. Ұпай саны бойынша 3-інші орынды Аружан, 2-інші орынды Теңелбай, 1-інші орынды Әсел иеленді. Бұл оқушыларды дипломдармен марапаттадық. Үйірмені қорытындылайтын болсақ барлық дерлік қатысушылар шахмат ойынын жақсы меңгеріп, кейбірі шеберлігін одан сайын жетілдірді.