30-ыншы маусымда шахмат үйірмесінің турнирін жүргіздік. турнир өте қызық өтті. балалар соңына дейін берілместен, ұзақ уақыт бойына ойынды жалғастыра берді. Турнирға 8 оқушы қатысты. Бірнеше рет "пат" жағдайы болып, бірнеше рет ұпай саны теңескен қатысушылар қайтадан ойынын жалғастырып отырды. Ұпай саны бойынша 3-інші орынды Аружан, 2-інші орынды Теңелбай, 1-інші орынды Әсел иеленді. Бұл оқушыларды дипломдармен марапаттадық. Үйірмені қорытындылайтын болсақ барлық дерлік қатысушылар шахмат ойынын жақсы меңгеріп, кейбірі шеберлігін одан сайын жетілдірді.